ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодарда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде абайсызда қамалып қалған екі бүлдіршінді құтқарушылар құтқарып алды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
«Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3-ші қабаттағы пәтерде ата-анасының қарауынсыз қалған 2021 ж. т. егіздер темір кіреберіс есігін жауып алып, өз бетінше аша алмаған», — делінген хабарламада.
Оқиға орнына келген құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кірді. Кейіннен балалар ата-анасымен табысты. Медициналық көмек қажет болмай шықты.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)