Бұл туралы Павлодар облыстық прокуратурасының 2016 жылғы жұмыс қорытындысына арналған мәслихатта облыстық прокуратура басқармасының бастығы Бейсенбек Әлиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, төрт адам заңсыз түрде ойын автоматтарында онлайн-казино түріндегі ойын бизнесін ұйымдастырған. Олар тек өздері ғана әрекет етпеген. Оларға туыстары көмектескен. Прокурорлар оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 307, 262, 218-баптары бойынша айып таққан.
«Ақпан айында тінту жұмыстары жүргізілді, алынған заттай деректер сараптамаға жіберілді. Сегіз адам ұсталды. Олардың алтауы - тұтқынға алынса, екеуі - үй қамауында. Бұл стационарлық мекеме еді. Ойын автоматтары сауда үйлерінде, адамдар тұрмайтын ғимараттарда орнатылған», - деп мәлімдеді Б. Алиев.