Павлодар қаласының прокуратурасы жекеменшік ветеринариялық-сантитариялық зертханаларды тексеріп, өрескел заңбұзушылықтарды тіркеді. Бұл туралы өңірлік прокуратурадан хабарланды.
«Прокурорлық тексеру барысында жарамсыз құралдармен сүт және ет өнімдеріне 8 мыңнан аса зерттеу жүргізілгені анықталды. Сондай-ақ ветеринариялық заңнаманың қарапайым талаптары бұзылған. Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 406 және 419 баптары бойынша заңды тұлғаларға шамамен 1 млн теңге сомасында айыппұл салынды» деп мәлімдеді прокуратурадан.
Қазіргі уақытта прокуратура актісі бойынша жеке зертхана лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселе шешіліп жатыр.