«18 қаңтар күні Катаев және Естай көшелерінің қиылысындағы «Артур» сауда үйінің көлік тұрағында Volkswagen автомобилі отқа оранды. Өрт көлік қозғалтқышындағы қысқа тұйықталу себебінен шыққан. Зардап шеккендер жоқ, - деді ведомствода. Аумағы төрт шаршы метр көлемді шарпыған жалынды ауыздықтауға ТЖ қызметінен бір техника мен бір РСК-50 (өртті қолмен сөндіретін оқпандар) қолданды. Қазіргі кезде келтірілген шығын көлемі есептелуде.
16:06, 19 Қаңтар 2018
Павлодарда Volkswagen автомобилі түгі қалмай жанып кетті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында Volkswagen маркалы көлік толығымен жанып кетті. Бұл жөнінде облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.