Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше күн бұрын полицияға жүгінген Павлодар мектебінің мұғалімі өзінің оқушысына шағымданған.
«Мұғалім оқушысының WhatsАpp мессенджерінде оған балағат сөздер жазғанын айтты. Материал Павлодар облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы орталық ПБ ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Әсия Әлкеева.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық үшін ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық мөлшерде айыппұл салуға әкеліп соғады.Фото: pavlodarnews.kz/ Константин Шелков