Павлодарда заңсыз қоқыспен белсенді күресетіндердің қоқысы тегін шығарылады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодарда заңсыз қоқыс тастау деректері туралы белсенді түрде хабарлап отыратын тұрғындарды ынталандыру ретінде олардың қоқысы қалалық полигонға тегін шығарылатын болады.

Фото: Pexels

Табиғат қорғау прокуратурасының бастамасы бойынша Экология департаменті, Павлодар әкімдігі, «Халық Тұмары» мобильді қосымшасын әзірлеуші және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының операторы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алуға белсенді қатысатын азаматтарға қоқысты рұқсатсыз тастау фактілерін болдырмау мақсатында ай сайын қалалық полигонға қалдықтарды тегін шығаруға талон ұсынылатын болады.

Белсенділер «Халық Тұмары» мобильді қосымшасының қаражаты арқылы оларға құқық бұзушылық туралы әрбір хабарламал үшін балл беру арқылы анықталады. Ластаушылармен күресуде ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен бейнебақылау камераларынан алынған деректер де қолданылады.

Тек өткен аптаның ішінде белгіленбеген жерлерде қалдықтарды сақтаудың 3 жағдайы, сондай-ақ мемлекеттен жалға алынған 2 гектар жер телімінің ірі көлемдегі қоқыспен ластануы анықталған. Кінәлі адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.

Бір ай ішінде облыс орталығында 13 ірі заңсыз қоқыс орны жойылған.

Еске сала кетейік, Қызылорда облысында іргелес елдімекендерге ортақ қоқыс полигоны салына бастады.