Павлодарда заңсыз билбордтар анықталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда сәулет және қала құрылысы бөлімі қараусыз, заңсыз 13 билбордты анықтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодарда сәулет және қала құрылысы бөлімі қалада орнатылған жарнама конструкцияларына оларды орнату заңдылығы тұрғысынан мониторинг жүргізді. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады. Мониторинг барысында қараусыз, заңсыз 13 жарнамалық билбордты анықталды. 10 жарнама тақтасына демонтаждау жүргізілді. Қалғанына осы аптада бұзылады деп көзделіп отыр.

Әкімдік баспасөз қызметінде шенеуніктер Павлодар көшелерін тұрақты аралап, жапсыруға арналмаған орындарға (аялдама павильондары, ағаштар, жол жиегіндегі шарбақтар және т.б.) ілінген плакаттар, афишаларды анықтайтынын хабарлады. Бұл жарнамалар сәулет бөлімімен келісілмеген. Ол үшін мемлекеттік бюджетке салық түспейді. Сондықтан әкімдік оларға қатысты шара қолданады.