Қазір олардың алты алаяқтық іске қатысы анықталды. Алдау арқылы зейнеткерлерден шамамен 25 млн теңге қаражат иеленген. Ұсталғандардан 3 млн 900 мың теңге тәркіленді, олар екі жәбірленушіге қайтарылды. Егде жастағы 30-ға жуық тұрғын алаяқтық бойынша шағымданған.
ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы,тағы екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтарпау шаралары таңдалды. Олардың осыған ұқсас фактіге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
03:20, 18 Маусым 2023
Павлодарда зейнеткерлерді алдаған күдікті топ ұсталды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алаяқтық әрекет жасау күдігі бойынша қылмыстық топ ұсталды. Олар 19-21 жас аралығындағы Павлодар қаласының төрт тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.