Павлодарда жағажай футболынан халықаралық турнир өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодарда 2-4 тамыз күндері жағажай футболынан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Турнирге РесейдіңБарнауыл, Томск және Новосібір қалаларының командалар келеді. Жарыста жалпы санытөрт команда бақ сынасады.

Павлодар намысын «Арман»жағажай футбол клубы қорғайды.

«Біз бұл турнирге2016 жылдан бастап қатысып келеміз. Мұндағы мақсат - ойын тәжірибесін жинақтап,халықаралық деңгейдегі сындарға әзірлену»,- дейді «Арман» командасының ойыншысыДмитрий Перевертов.

Айта кетейік,былтырғы Еуразиялық лига Новосібірде өткен еді. Онда павлодарлық футболшыларфиналда алаң қожайындары «Джокерге» 5:1 есебімен ұтылып, нәтижесінде турнирдіңкүміс жүлдегері атанды.