Павлодар қаласының әкімдігі жағажай маусымы ресми түрде 31 тамызда аяқталатынын мәлім етті. Бүгін сонымен қатар қаланың орталық жағалауында жаз бойы жұмыс істеген балаларға арналған бассейндер де жұмысын тоқтатады.
-Жуық арада Орталық және Усоль жағажайларында жатуға арналған орындарды, субұрқақтарды және киінуге арналған орындарды бұзу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар бассейнді кезең-кезеңімен консервацияланады,-деп хабарлады қала әкімдігі.
Осыған дейін Павлодарда жыл басынан бері 42,3 мың гектар ауыл шаруашылығына жері мемлекетке қайтарылғаны туралы жаздық.