Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, полицияға бірнеше тұрғын бірден алаяқттың құрбаны болғанына шағымданған. Жәбірленушілердің барлығы OLX сайтында және газеттерде пәтер жалдау жөніндегі хабарламалар бойынша жалға пәтер алмақ болған. Оларды пәтерлердің арзан бағасы қызықтырып, жалға тапсыратын үй иелерімен кездеседі.
«Әрбір кездесуге пәтер иесі ретінде жас әрі мейірімді қыз келіп отырған. Дегенмен, бірер сағаттан соң мәміле аяқталғаннан кейін бөгде адамдар келіп, пәтер иелері өздері екенін түсіндірген. Дәл сол сәтте мәміле жүргізген қыздың телефоны сөніп тұратын болған. Бүгінгі күні алаяқтан жәбір көрген бес адам анықталған», -деді облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері.
Алайда полицияның пайымдауынша, жәбірленушілердің саны бұдан да көп. Департамент алаяқтық бойынша күдікті қыздан жәбір көргендерден Оңтүстік полиция бөліміне мына телефондар бойынша 8-777-866-85-75, 8-775-375-65-99 хабарласуды сұрайды.