Ер адам мен әйел алдын ала келісіп, жалған ақшаларды дайындаумен айналысқан. Олар бір млн. теңгеге екі мыңдық жалған купюраларды дайындап, оны пайдаға жұмсаған. Заманауи техника мен өздерінің жеке «технологиясы» бойынша 500 дана банкнотты дайындап, шығарды. Жалған ақшаны «басу» өндірісін қаржы полициясы әшкерелеп, жолын кесті.
Айта кетейік, өткен жылы павлодарлық қаржы полицейлер жалған ақша дайындаудың 134 оқиғасын анықтады.