Павлодарда жарты келі есірткіні сатпақ болған тұрғын ұсталды
18:24, 28 Шілде 2012
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 28 шілде. ҚазАқпарат - «Көкнәр» алдын алу шарасы барысында 25 шілде күні Тереңкөл ауылындағы үйлердің ауларының бірінде полиция қызметкерлері 1968 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады,
деп хабарлады Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
Оны тінту кезінде жалпы салмағы 519 грамдық марихуана анықталып, тәркіленді. Ол есірткі заттарын сату мақсатында ұстаған.
Сату мақсатында есірткі заттарын заңсыз сақтау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.