Еске сала кетейік, кеше полиция департаментінің кезекші бөліміне хабарласқан адам Н. Назарбаев даңғылы 289-ші үй мекенжайындағы тұрғын үйдің пәтерінде жарылғыш құрылғы орнатылғаны туралы хабарлаған.
- Әлеуметтік желілерді дүрліктірген тұрғын үйдегі жарылғыш зат туралы хабарлама ТЖ департаменттің пультіне 30 маусым күні сағат 20:35-те келіп түсті. Жарылғыш құрылғы туралы ақпарат расталмады. Полиция қызметкерлері 30 тұрғынды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады, - дейді департаментте.
Павлодар облысы ТЖД аймақ тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің нормаларына сәйкес арнайы қызметтерді жалған шақыру үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Осылайша, ҚР ӘҚБтК 438-ші бабына сәйкес бұзақылық ниетпен арнайы қызметтерді жалған шақырған жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш (79350 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Егер кінәлі тұлға бір жыл ішінде немесе өртті, апатты жою кезінде қайталап қоңырау соқса, онда әкімшілік айыппұл екі есе көп болады.
- Қазіргі заманғы техникалық құралдар кез келген нөмірден және елдің кез келген жерінен түскен қоңырауды, соның ішінде «жасырын» нөмірден қоңырауларды анықтауға мүмкіндік береді, - дейді департаментте.