Павлодарда «Жас толқын - 2010» мектеп түлектерінің кеші өтті
09:51, 21 Маусым 2010
ПАВЛОДАР. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Өткен сенбі, маусымның 19-ы күні орталық стадионда үздік оқушылардың шеруі Павлодар түлектерінің «Жас толқын - 2010» - мектеппен қоштасу кешінен басталды.
«Біз сендердің жетістіктеріңді мақтан тұтамыз. Осы оқу жылында облыстық олимпиада құрамасы республика бойынша ең үздік деп танылды. ҰБТ қорытындылары бойынша, біздің түлектер елде екінші орынға ие болды, жеті бала 125 балл жинап, 154 жас қыздар мен балалар «Алтын белгі» иегерлері атанды», - деп атап өтті аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев.
Мереке қазақ эстрада жұлдыздарының концертімен аяқталды, павлодарлық түлектерге арнап жас әнші Мақпал Исабекова мен «101» тобы ән салды.