Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 жастағы ер адамның денесі 20 ақпан күні Железин ауданының Дүйсеке ауылынан 3 шақырым жерден табылған.
- Ағымдағы жылдың 14 ақпанында үйінен шығып кетіп, хабарсыз кеткен Кирилл Коваленконың мәйіті табылды. Кириллдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Қазіргі уақытта осы қылмысты жасады деген күдікпен Железин ауылының үш тұрғыны ұсталды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер Железин ауданының ІІБ-не қамауға алынды, - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары тексеруді бастады. Осы іске күдіктілердің қылмысы анықталса, олар 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.