АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда жасөспірім бала 14-қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«25 қыркүйек күні Павлодар полициясына 18:00 мен 19:00 аралығында Назарбаев даңғылы №50 үйдің 14-қабатынан 2007 жылы туған жасөспірім құлап кеткендігі туралы хабар түсті. Жасөспірім ұл бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған» деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Керекті сараптама жұмыстары белгіленді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.