«Бұл парашют және суасты спорт түрлерімен айналысатын жеткіншектер мен қыздарға арналған әскери-техникалық бағытқа бейімделген және әскери-тактикалық дайындық жүргізетін қаладағы алғашқы клуб. Мұнда жастар ҚР Қарулы күштерінде қызмет етуге дайындала алады», - деді клубтың ұйымдастырушысы, Павлодар облысы парашют спорты федерациясының президенті Руслан Феклистов.
Жасөспірімдерге арналған «Каскад-ПВ» клубын ашуға ҚР Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлерінің одағы мен «Нұр Отан» ХДП ПФ қолдау білдірді.