«27 мамырда сағат 15:34-те Горький-Астана көшелерінің қиылысында «Skoda» маркалы автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі он екі жасар баланы қағып кетті, ол жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен», деп хабарлады журналистерге Павлодар облысы Полиция департаментінің баспсаөз қызметі.
Жол апатынан зардап шеккен жеткіншек ауруханаға жеткізілді. Тексеру жүргізілуде, барлық қажетті сараптама тағайындалған. Көлік айыппұл тұрағына орналастырылды деп атап өтті ведомство.