Павлодарда жасотандықтар мен «Замандас» клубы ардагерлерінің шахмат жарысы басталды
10:00, 25 Қаңтар 2013
ПАВЛОДАР. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда екі буын өкілдері арасында шахмат жарысы басталды. «Замандас» ардагерлер клубында зейнеткерлер мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері кездеседі. Әр команда сапында жеті ойыншысы бар.
Шахмат жарысының жеңімпаздары анықталған соң, қос буын өкілдері - аталар мен немерелер арасындағы диалог басталады.
«Жарыс қатысушыларының арасында соғыс және елді қалпына келтіру жылдарында ел үшін күресіп, еңбек еткен ақсақалдар бар. Балалардың бай өмірлік тәжірибесі бар адамдармен тілдесу мүмкіндігі болады. Біз осындай кездесулердің игі дәстүрге айналатынына сенімдіміз», - деді «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысының орынбасары Данияр Айтышев.