Жиынға облысәкімі Болат Бақауов, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өңіржастары қатысты.
- Республикадажыл сайынғы жастарға арналған «Дарын» үкіметтік сыйлығы бекітілген, - деп атапөтті Болат Бақауов. - Жастар жылы біздің облыста осындай сыйлықты қарастырудыжәне оған «Ертіс дарыны» атауын беріп, лауреаттар үшін кемінде 10 млн теңгежүлде қорын тағайындау туралы тұжырымдама әзірлеуді ұсынамын.
Аталмыш сыйақыны1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні тапсыру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар,Павлодарда «Болашақ» қауымдастығының филиалын ашу ұсынылды. Бүгіндепрокуратура органдарында жұмыс істейтін халықаралық стипендия иегері ЕржанДосымжанов өңірде осы бағдарлама бойынша оқыған 200-ден астам адам бар екенінатап өтті.
- «Болашақ»бағдарламасы бойынша білім алғандар үшін алаң құрылса, халықаралық стипендияғаүміткерлер сол жерде оқуға түсу мен оқудың қыр-сыры туралы білетін еді, - дедіЕржан Досымжанов. - Өкінішке орай, облыста мұндай алаң жоқ. Статистика бойынша, аймақта 203 түлекболса, менің WhatsApp тобымда тек 20-сы ғана бар. Біз NIS мектебініңплатформасында үнемі кездесіп тұрамыз. Бұл білім ордасының директоры РинатЖұмабаев болашақтық болып табылады. Барлық 203 адамды жинау мүмкін емес,сондықтан платформа қажет.
Облыс әкімі БолатБақауов жастар бастамаларын дамыту орталығы базасында қауымдастықтың филиалынқұруды және онда тек «Болашақ» стипендиаттарын ғана емес, сонымен қатар шетелдебілім алғандардың барлығын біріктіруді ұсынды.
«Болашақ»республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесинованың айтуынша,елімізде 8 Корпоративтік қор жұмыс істейді. Ол павлодарлықтарға қолдаукөрсетуге уәде беріп, аймақтарға бағытталған Network, Жастар кадрлық резерві,«Жастар Отанға» жастар фестиваліне қатысуға шақырды.
Отырыстың соңындаөңір басшысы жастар орталығына вокалдық-аспаптық ансамбльге музыкалық аспаптарсатып алу үшін сертификат табыс етті.