Павлодарда жедел жәрдем көлігі науқас баламен жол апатына түсті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жедел жәрдем көлігі мен автокөлік соқтығысып қалды. Оқиға Қамзин – Амангелді көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық бригада баланы ауруханаға жатқызу үшін облыстық балалар ауруханасына алып бара жатқан. Қиылыста өзге көлікпен соқтығысқан. Жедел жәрдемде болған науқас бала мен медицина қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

«Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жыпылықтаған маяктармен және сиренамен бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан және оны жол-көлік оқиғасының куәгерлері растап отыр», - дейді ведомствоның баспасөз қызметінде.
Оқиғаны мән-жайын полиция тексеруде.