Облыстық ІІД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, осыған ұқсас қылмыс жасады деген күдікпен қонақ үй кешенінің 38 жастағы күзетшісі анықталды. Ол көрсеткен қызметі үшін 4500 теңге мөлшерінде ақша алып отырған.
Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін қонақ үй кешенінің 32 жастағы күзетшісіне қатысты ӘҚБтК 450-бабына сәйкес әкімшілік өндіріс қозғалды. Материалдар қарастыру үшін сотқа жіберілді.
«Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Мұндай әрекетке барғандар заң бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп жазылған хабарламада.