Полиция таратқан мәлімет бойынша, 2 қазан күні Атамекен ауылынан 17 км жерде, «Павлодар-Қызылорда» автожолында «Toyota Alphard» автокөлігі жылқыға соғылған. Жол апаты салдарынан көлік жолдан шығып кетіп аударылған.
— Жол-көлік апаты салдарынан екі жолаушы қаза тауып, жүргізуші жарақат алды. Полиция аталған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында жылқы иесінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.
Тәртіп сақшылары мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау, көлік құралының техникалық жағдайын үнемі бақылау маңызды екенін еске салады.
Еске сала кетейік, Павлодар-Астана автобанында жол-көлік апатынан бес адам көз жұмған еді.