Мысалы, Баянауыл ауданында «IBM Gold» ЖШС осы жылдың басынан бері экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқан.
— Жер қойнауын заңсыз пайдаланған тағы 11 кәсіпорын анықталды. 8 жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген. Сонымен қатар, келісімшарттардың мерзімін заңсыз ұзарту фактілері де белгілі болды, — деп хабарлады өңірлік прокуратурадан.
Құзырлы орган атап өткендей, аталған бағыттағы мемлекеттік бақылаудағы бұзушылықтар мен олқылықтар облыс прокуратурасының алқа отырысында талқыланған.
Алқа қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының алгоритмі әзірленген.
Еске сала кетейік, еліміздің бірқатар өңірінің прокурорлары тағайындалды.