Павлодарда жер жабынын қалпына келтірмеген тұрғын жазаланды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Оны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Бұл туралы Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14 қыркүйек күні бөлім мамандары жергілікті полиция қызметімен бірлесіп бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Мәселен, Павлов көшесі, 31 учаскесіндегі жабынның қалпына келмеу фактісі тіркелді. Жеке тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс-шаралар жүргізіледі», - деп жазды ведомство хабарламасында.

Ал екінші бұзушылық Российская көшесі, 22 мекенжайында рұқсат етілмеген жер жұмыстары фактісі тіркелді. Заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұл сомасы 123 мың теңгені құрады.

Айта кетейік, осыған дейін аймақтағы Шарбақты ауданында он шақты оқушының асханада уланып қалғанын жазған болатынбыз.