Павлодарда жеті мектептің оқушылары шұғыл эвакуацияланды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM –  13 ақпанда Павлодарда мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаларға байланысты жеті мектептің оқушылары шұғыл эвакуацияланды. 

Фото: акимат Акмолинской области

Белгісіз адамның хабарламасына байланысты жеті мектептің оқушылары эвакуацияланды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жарылғыш зат қойылғаны туралы алғашқы қоңырау сағат 10:45-те түскен.

 - Алғашқы хабарламаны №39 мектептің директоры хабарлады. Белгісіз адам мектепке қоңырау шалып, білім беру мекемесіне толықтай бомба қойылғанын айтып, балаларды эвакуациялауға 20 минут уақыт берген. Алгоритмге сәйкес, бұл туралы дереу 102 нөміріне хабарланған. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, оқушыларды эвакуациялауға кірісті. Кейін Шамкенов атындағы мектеп-лицейіне, сондай-ақ №6, 29, 17, 18 мектептеріне қоңыраулар түскен, олардың барлығына балаларды эвакуациялау туралы нұсқау берілді, – деп мәлімдеді өңірдің білім басқармасы.

Балаларды суықта ұстамау үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Айта кетейік Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысым оқушылары қашықтан оқыды