Осы күндері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар тарапынан «Ашық есік күндері» өткізілді. Полицейлер балаларды облыстық ІІД мұражайына шақырып, Павлодар милициясының тарихымен таныстырды.
Балалар Жедел басқару орталығында болып, бейнебақылау камералары арқылы қылмыскерлерді қалай ұстауға болатынынан хабардар болды.
Облыс орталығының барлық оқу орындарында құқықтық тақырыптарға дәрістер оқылып, балаларға құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түрлері түсіндірілді.