Железин ауданындағы балалар үйінің 16 жасар тәрбиеленушісін гинекологиялық тексеру барысында бұрын оның ер адаммен жыныстық қатынаста болғаны анықталған. Педофилдік әрекет біраз жыл бұрын, оны қамқоршылыққа алған ер адаммен жасалған.
— Кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда күдікті жәбірленушінің аталған дерек бойынша полицияға жүгінгенін біліп, өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, Баянауылда інісі мен әпкесі жыныстық зорлыққа ұшыраған.