Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы рейдтік іс-шараларды жүзеге асырады. Жыл басынан бері инспекторлар мас күйінде автокөлік жүргізу бойынша 43 фактіні анықтады. Бір қызығы, жүргізушілер өзін ақтау үшін әрдайым жаңа және қызықты себептер ойлап табады екен.
- Мысалы, Павлодардағы Естай - Н.Назарбаев даңғылының қиылысында сағат таңғы бестер шамасында ВАЗ маркалы автомашина тоқтатылды. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шықты. Медициналық куәландыру кезінде жүргізуші біраз уақыт бұрын түнгі клубта өзінің масайып қалған сүйіктісімен сүйісіп, иіс содан шығып тұр деп түсіндірді. Сараптама жүргізушінің мас болғанын растады. Оған қатысты әкімшілік материал толтырылды,-деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.