Мамандардың айтуынша, жылу жүйелерін жөндеумен қатар заманауи IT-технологиялар енгізіліп жатыр. Павлодар жылу желілері мекемесі инженерлік инфрақұрылымның «цифрлық егізін» әзірлеуге кірісті. Жаңа жүйе жылумен қамтуға қатысты барлық негізгі көрсеткішті нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл жоба толыққанды цифрлық платформаға айналады деп жоспарланған.
— Егер қысым немесе температура төмендеп, магистральдық желіде ақау пайда болса, диспетчерлік қызметке бірден хабарлама келеді. Экранда тиісті белгі көрсетіледі. Осылайша біз бригаданы нақты қай жерге жіберу керектігін біліп отырамыз. Бұл тиісінше жылдам әрекет ету уақытын үнемдейді, — дейді жылумен қамту мекемесінің бас инженері Жанат Семенов.
Еске сала кетейік, Павлодар қаласының әлеуметтік нысандарына жылу берілді. Ал 28 қыркүйектен тұрғын үйлер жылуға қосыла бастайды.