«7 маусым сағат 20:51-де полицияның солтүстік бөлім кезекшісіне 1988 жылғы келіншектен 2012 жылы туған ұлы 18.30-да көршілес ауладағы ойын алаңына ойнауға кеткені туралы хабар келіп түскен. Біршама уақыт өткеннен кейін анасы ұлының артынан іздеп барса, баласы ойын алаңында болмай шыққан» деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Анасы ұлын көрші ауладан таппағаннан кейін өзі іздей бастаған. Кейін полицияға хабарласқан. Балақайды полиция басқармасының барлық қызметкері іздеді.
«Патруль полиция батальоны қызметінің инспекторлары, полиция лейтенанттары Омаров пен Болатов баланы тапты. Жеткіншек заңды өкіліне тапсырылды» деп атап өтті полиция.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, бала досымен бірге ауласынан басқа жерге қалай кетіп қалғанын байқамаған.