Павлодарда жол апатынан жаңа туған сәби көз жұмды

Фото: Фото: Павлодар полициясы

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодарда «Атамекен – Русская Поляна» автожолында Лада Гранта және БМВ маркалы жеңіл көліктері соқтығысты. Оқиға салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ақсу өңірінің Ребров ауылының маңындағы «Атамекен – Русская Поляна» автожолында Лада Гранта және БМВ маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада автокөлігінде болған сәби көз жұмды. Бала жақында ғана дүниеге келген, қырқынан да шығып үлгермеген. Екі көліктің де жүргізушілері зардап шеккен, олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда»,-деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, прокуратура Павлодар облысында мүгедектігі бар балаларды ұрып-соғу деректерін анықтады  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ-де балаларға қатігездікпен қарау оқиғалары жүйелі түрде жалғасып келген. Мәселен 2020 мекемеден мұндай 17 факті анықталған.