Павлодарда жол қауіпсіздігін бақылайтын жаңа мобильді жүйелер пайда болды

Фото: Фото: Алматы облысының Полиция департаменті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жүргізуші тәртібін арттыру мақсатында Ekin Patrol G2 мобильді бағдарламалық-аппараттық кешендері үлкен жолдар мен көшелерді торуылдай бастады. 

Қазіргі уақытта заң бұзушылықтарды тіркеудің 10 мобильді жүйесі Павлодар қаласында, Баянауыл ауданында және республикалық маңызы бар жол бойларында тестілік режимде жұмыс істейді.

— Ekin Patrol G2-нің калибрлеуі толық көлемде жасалған. Жылдамдық режимінің бұзылғаны туралы ақпарат автоматты режимде жүреді. Көлік ағынында ереже бұзған көлік құралдарының мемлекеттік нөмірін бірден танып, орталық жүйеге хабарлайды, - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Мысалы Баянауыл ауылындағы жылдамдық режимі сағатына 40 км болса, «Қалқаман-Керней» автожолындағы жылдамдық шегі — сағатына 110 км. Ал, Баянауыл ауылына кіре берістен елді мекеннің шегіне дейінгі аралық сағатына 60 км-ден аспауы тиіс. 

Еске сала кетейік, Павлодар жолдарында жыл басынан бері 8 адам көз жұмған.