Өткен сенбі, 8 қазан күні Кутузов көшесіндегі 21-үйдің маңында «ВАЗ-2112» автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі тұрақта орналасқан ГАЗ-53 көлігіне соқтығысты.
Салдарынан «ВАЗ-2112» автокөлігіндегі 16 жастағы жолаушы апат орнында көз жұмды, жүргізуші түрлі дене жарақатын алды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.