Павлодар облысы Успен ауданында «Газель» автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында жан тапсырған. Мамандар оның мас болып, жол үстінде жатуы мүмкін екенін айтып отыр.
- Оқиға Успен ауылында, Гагарин-Чехов көшелерінің қиылысында болған. Болжам бойынша қайтыс болған азамат мас күйінде жолда жатқан. Жол - көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші сол жерде қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды,-деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Тағы бір жол-көлік оқиғасы Атамекен-Ертіс-Русская поляна автожолында тіркелді. «Мерседес» жеңіл көлігі «Volkswagen» көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан соңғы аталған көліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Екі оқиға бойынша да полиция тексеру шараларын жүргізуде.