«Қаладағы азаматтардың өтініштерін бақылау және тіркеу нәтижесінде 19 мың шаршы метрге жуық автокөлік жолдарын қалпына келтіру қажеттігі анықталды. Қазіргі уақытта «Жолқұрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жұмысын бастап кетті», - деп хабарлады бүгін журналситерге Павлодар қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Олжас Баймақов.
«ТКШ бөлімі «Жылу жүйелері» ЖШС мен «Қалалық су арнасы» ЖШС-ға қазба жұмыстары аяқталғаннан кейін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу туралы хат жолдады», - деді қала әкімдігінің өкілдері.
Авторы Антон Гагарин