Павлодарда жүк көлігі отқа оранды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардың солтүстік өндірістік аумағында жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Куәгерлер түсірген видео Instagram желісінің @tipavlo парақшасында жарияланды.  

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Кастинг» АҚ маңында, қаланың солтүстік өндірістік аумағында болған. - 2007 жылы шығарылған жүк көлігінің кабинасы толықтай жанып кетті, - деді баспасөз қызметінде. - Сонымен қатар, көліктің үш доңғалағы да отқа оранып, өрттің жалпы аумағы сегіз шаршы метрге жеткен.

Алдын ала болжам бойынша, көлікің  өртенуіне мотордағы қысқа тұйықталу себеп болды. Зардап шеккендер жоқ.