«Мұз» акциясы аясында облыстың ТЖД қызметкерлері су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су объектілерінде ықтимал оқиғалардың алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Рейдтер барысында азаматтарға, оның ішінде балықшыларға, сондай-ақ аңшылық-балық аулау дүкендеріне келушілерге нұсқама жүргізілді. Бірлескен рейдтерге полицейлер мен еріктілер де қатысты.
— Облыс аумағында су объектілеріне пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып мониторинг жүзеге асырылады. Мұздың қалыңдығы үнемі өлшенеді. Кезекті рейд Усолка өзенінде өткізілді. Оған 24 адам қатысты. Аталған іс-шаралар барысында 46 адамға нұсқау берілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 412-бабы бойынша жеке құтқару құралдарынсыз мұзда болған 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Жалпы 16 қарашадан бері әкімшілік жауапкершілікке 42 адам тартылды, — деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске сала кетейік, балық шаруашылығын дамытуға 120 млн теңге бөлінбек.