Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 қаңтар күні сағат 10 шамасында жедел жәрдем қызметіне ер азамат хабарласып, әйелінің нашар сезініп жатқанын айтқан. Жүкті әйелді қалалық №1 аурухананың босандыру бөліміне жеткізген. Дәрігерлер жарты сағат бойы әйел адамның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен нәтиже болмады. Болжам бойынша диагноз - төменгі өкпенің қатерлі ісігі. Нәресте құрсақта қайтыс болды.
Облыстың бас акушер-гинекологы Гүлнар Жармакинаның айтуынша, марқұм №4 қалалық емханада қаралып, уақытылы тексеріліп жүрген. «Өкінішке орай, жүкті әйелдерде мұндай жағдай болып тұрады», - деді дәрігер.