Облыс әкім оңтүстікқазақстандық ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер Павлодарға алма, жүзім және басқа да өнім жеткізуге әзір екенін еске салды.
«Қалада оңтүстіктен әкелінетін көкөніс пен жемісті бөлек сататын орын табу қажет, - деді әкім. - Қазір бұл өнім «Рахмет» базарына түссе, оны жергілікті көтере сатып алушылар сатып алып, оны басқа бағаға сатады. Егер де біз Оңтүстік Қазақстандағы серіктестерімізді жақсы сауда алаңымен қамтамасыз етсек, олар бізбен жыл бойына жұмыс істеуге дайын».
Әкімдікте тауық жұмыртқасының бағасын төмендету мүмкіндігі де талқыланды. Соңғы деректерге сәйкес, маусым айының соңынан азық пен ветеринарлық дәрі-дәрмектердің қымбаттауы салдарынан жұмыртқа 26%-ға қымбаттаған. Анық болғандай, құс фабрикалары жыл басынан бастап азыққа жұмсалған шығынның бір бөлігін өтеуге бір тиын субсидия алмаған, қарыз 80 млн теңгені құрап отыр.
«Бұл мәселені екіжақты шешу үшін азық-түлік бағасын тұрақтандырумен кәсіпкерлер ғана айналысып қоймай, мемлекеттік құрылымдар да атсалулары қажет, - деп мәлімдеді Болат Бақауов. - Бұл ретте азық субсидияланған жоқ, нәтижесін көріп отырмыз. Кейбір позициялар бойынша, мысалы, біздің бизнесмендерге инвестициялық субсидиялар бойынша жобалардың аяқталмай қалуы себепті қайтаруға арналған қаражат игерілмей отыр».
Айта кететіні, «Шарбақты-құс» ЖШС жақын арада балапан сатып алуды жоспарлап отыр, бұл жұмыртқа өндірісі көлемін арттырмақ. Оған қоса, биылғы жылғы қыркүйекте Жетекші ауылындағы «Павлодар - құс» ЖШС 80 мың балапан сатып алуды жоспарлап отыр, осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында кәсіпорында алғашқы өнім алмақ.