Мемлекеттік еңбек инспекторы Абылай Сабыровтың айтуынша, жантүршігерлік оқиға 29-маусым күні, сағат күндізгі 15:00 кезінде болған.
«ЭК-МОНТАЖ-СЕРВИС» ЖШС-нің 33 жастағы газ-электр дәнекерлеушісі Сергей Марченко жұмыс жасап жатқанда, оның үстіне темірбетон тақтасының бір бөлігі құлап кеткен. Ер адамның 13 минут бойы жүрегі соғып тұрды, алайда, ол медициналық көмек көрсету барысында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң белгілі болады, - деді Абылай Сабыров.
Еске салайық, осыдан бір айдан аз уақыт бұрын ұқсас жағдай «RAN-Medi Oil» ЖШС-де орын алған. Салдарынан 57 жастағы ер азамат қайтыс болған еді.