Павлодарда жүргізуші куәлігін алуға арналған практикалық емтихан уақытша тоқтап тұр

Фото: Александр Павский / Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Бұған жүйедегі техникалық ақау себеп болған. Қазіргі уақытта қызмет көрсетуші ұйым анықталған ақауды жою бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Павлодар қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан қабылдау уақытша тоқтатылды.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облыстық филиалы хабарлады.

— Космонавтар көшесі, 2 мекенжайында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (Мамандандырылған ХҚКО) жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұған жүйедегі техникалық ақау себеп болды. Қазіргі уақытта қызмет көрсетуші ұйым анықталған ақауды жою бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Практикалық емтихан қабылдаудың қайта басталуы туралы қосымша хабарланатын болады, — деп мәлімдеді компаниядан.

Еске сала кетейік, Қызылордада жүргізуші куәлігі жоқ адамдар балабақша көлігін жүргізген.