Павлодарда зират өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда Пахомовское зиратынан өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

 «Зираттың аумағындағы 1500 шаршы метр құрғақ шөп жанып кеткен. Тілсіз жау сағат 13.25-те ауыздықталып, сағат 14.01-де толығымен сөндірілген. Зират  «Милосердие» қорына тиесілі. Зардап шеккендер жоқ. Шығын келтірілмеген», - деді департаментте.

 Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға № 34 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан үш техника мен тоғыз адам жұмылдырылған.