Павлодардада ұшақ апатынан тірі қалған ұшқыштың жағдайы белгілі болды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодардағы № 1 қалалық аурухананың мәліметінше, 28 жастағы зардап шегуші қазіргі уақытта шұғыл ота жасауды қажет етпейді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Дәрігерлердің дерегі бойынша, ұшқыш жансақтау бөліміне түскен. Бүгінгі таңда оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

— Науқас жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде қажетті ем-дом қабылдап жатыр. Шұғыл хирургиялық емдеуді қажет етпейді, — деп хабарлады облыс орталығындағы № 1 қалалық ауруханадан.

Еске сала кетейік, 27 мамыр күні таңертеңгі уақытта Павлодар облысының Железинка ауылына таяу маңда Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тапты.

Ал зардап шеккен ұшқыш оқиға орнынан Павлодар қаласына авиабортпен жеткізілген болатын