Павлодарда орманда тұрған 6 балалы отбасы депортацияланды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Кәмелет жасына толмаған алты баласы бар ресейлік отбасы 2016 жылдан бері Қазақстан аумағында тұрып келген. Неке қию органында ресми тіркелмеуіне байланысты балаларында құжат та болмаған.

Фото: Видеодан алынған скрин

Павлодар соты 6 баланың әкесі, Ресей елінің 36 жасар азаматының ісін қарап, оны Қазақстан аумағынан шығаруды ұйғарды. Шетелдік көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылып, үш тәулікке қамауға алынған. Сотта ер азамат бұған дейін дәл осындай әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, бірақ материалдық жағдайының ауырлығына байланысты сот белгілеген ауыппұлды төлей алмағанын жеткізген.

Әйел бұған дейін ДНҚ-тест тапсырып, барлық б баланың анасы өзі екенін дәлелдеген. Сондай-ақ ер азамат та олардың нақты әкесі екені анықталды. Анасы балалардың екеуін ғана перзентханада босанған. Өзгесін үйде күйеуі өзі босандырып алғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Павлодар облысында ешқандай құжаты жоқ 6 бала табылды.