Жәрмеңкелер негізінен референдум учаскелерінде ұйымдастырылды.
№127 референдум учаскесінің төрағасы Айымгүл Ахметжанова учаске орналасқан мектеп асханасында картоп, сәбіз, күріш, қант, жұмыртқа, тұз, күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдері және тағы басқа да азық-түлік түрлері сатылып жатқанын жеткізді.
«Адамдар дауыс берген соң жәрмеңкеге өтіп, арзан өнімді таласа-тармаса алып жатыр. Өнімдердің, соның ішінде өзіміздің Павлодар жерінде өсетін картоп пен көкөніс бағалары нарықтағыдан әлдеқайда арзан. Мәселен, картоп пен сәбіздің килограмы 40 теңгеден сатылып жатыр. Ал жұмыртқаның ондығы 480 теңге тұрады. Бұл тұтынушылар үшін аса қолайлы деген ойдамыз. Әсіресе, зейнеткерлердің қала сыртында орналасқан «Жайлау» фермерлік базарына бара беруге мүмкіндігі жоқ. Өз үйлерінің жанынан арзан азық-түлік сатып алуына болады», деп атап өтті ол.