Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар қызметінен хабарланды.
«3 наурыз күні сағат кешкі 18.02-де Павлодар қаласындағы «Гулливер» сауда үйінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Құқық қорғау органдары адамдарды эвакуациялады»,-деп хабарлады департаменттен.
Оқиға орнында қазіргі уақытта өңірлік төтенше жағдай департаментінің 17 маманы мен 3 автокөлік, апаттық медицина орталығының, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.