Павлодардағы 87 елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат –Павлодар ауданында өткен жылы Шақат ауылы талшықтық-оптикалық байланыс желісіне қосылса, 2020 жылы 1 мамырда Набережное ауылын қамту көзделіп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.


Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының директоры Ермек Қуанышбеков мәлім етті.

«Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасынасәйкес «Қазақтелеком» елді мекендерде талшықтық-оптикалық байланыс желісін тартуғакірісті. Бұл жоба «Қазақтелеком» мен Ақпарат және коммуникация министрлігі арасындағымемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Жоба 14 жылғаесептелген. 2018-2020 жылдары құрылыс және қосылу, 2032 жылға дейін қызметкөрсету жоспарланған. Павлодар облысында барлығы 364 елді мекен бар. Бүгінгітаңда 87-сіне талшықтық-оптикалық байланыс желісі тартылған, - дейді ЕрмекҚуанышбеков.

ӨТД директорының айтуынша,былтыр жүзеге асырыла бастаған жоба аясында барлығы 9 елді мекен немесе 36мемлекеттік мекеме интернетке қосылған. Биыл үш ауданда құрылыс басталған. 2020жылдың 1 наурызынан бастап қосымша 20 елді мекен мен 74 мемлекеттік мекемеқамтылады.

«Бұрын интернеттің жылдамдығы ең көпдегенде секундына 4 мегабит, кейде 8 мегабит болатын. Қазіргі таңда секундына100 мегабитке дейін жетеді. Шақат жалпы орта білім беру мектебінде жылдамдық 10мегабитті құрайды.

Сондай-ақ, жергілікті әкімдік, полицияжәне фельдершік-акушерлік пукнтінде тартылды. Қазіргі таңда жеке адамдар дақосылуда. Жылдамдық жоғары болса, төлемақы да жоғары болмақ. Дегенмен, мектепүшін 10 мегабит жеткілікті, - дейді ЕрмекҚуанышбеков.