Павлодар қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Арман Асиповтың ақпараты бойынша, бүгін облыс орталығының кәсіпкерлері өз өнімдерінсатылымға шығарды. Оның ішінде «Ақжар Өндіріс», «Ласка» ЖШС бар. - 30 тоннадан астам көкөніс, сүт және басқа да өнімдер әкелінді, - деп атап өтті Арман Асипов. Баға нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен. Келесі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сенбіде, 11 мамыр күні өтеді. Оған Баянауыл, Май, Шарбақты аудандары мен Павлодар қаласының кәсіпорындары қатысады.
- Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 мамырдан бастап ет сату «Квазар» базарында жүргізіледі, - деп нақтылады бөлім басшысының орынбасары - Баға көтерілмейді. Орта есеппен алғанда жылқы еті келісінің құны - 1500 теңге, сиыр еті - 1400, қой еті - 1300 теңге.